Қазақ файтері соңғы жеңілісінен кейінгі жұмысы жайлы ойымен бөлісті

Қазақ файтері соңғы жеңілісінен кейінгі жұмысы жайлы ойымен бөлісті

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев өзінің жалғыз жеңілісінен кейінгі дайындық пен қателерді түзету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  Prosports.kz.

«Мен әрқашан айтамын – UFC-ге шыққан әр спортшы өз халқының, өз елінің үміті. Бәріміз жеңіске жетуді, туған жерге басымызды тік ұстап, көк туымызды көтеріп оралуды қалаймыз. Бірақ халық ойлайтын шығар, ол жақта жеңу оңай деп. Мен бес жекпе-жек ұттым, біреуін ұта алмадым – бәрінің әңгімесі тек сол туралы... Капе мықты спортшы, жеңді. Ал қателер әрқашан болады, тіпті белдік ұтсаң да, кейін қарап отырсаң – түзейтін тұстар табылады», – деді Алмабаев.

Айта кетейік, 2 наурызда Асу Алмабаев португалиялық Манел Капеден (21-7) жеңіліп қалған еді. Алайда 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде ол перуандық Хосе Очоаны (8-2) ұтып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Қазіргі таңда қазақ файтерінің UFC-дегі көрсеткіші – 5 жеңіс, 1 жеңіліс.

Сонымен қатар, 23 тамызда АҚШ-тық файтер, найлегчай салмақтағы бұрынғы үміткер Алекс Перес (25-9) Алмабаевқа ресми түрде шақыру тастады. Кейін «Зульфикар» командасы бұл айқас дайындалып жатқанын растады. Жекпе-жек 22 қарашаға жоспарланып отыр.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Алматыда октагонға шығады

Ресми: Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақ пен қырғыз файтерлері UFC-дегі жекпе-жек алдында көз арбасты. ВИДЕО

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или