OCTAGON лигасы алты чемпион UFC-ге баратынын мәлімдеді

OCTAGON лигасының менеджері Сұлтан Жақыпов ұйымнан бірнеше файтердің UFC-ге ауысатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұған дейін UFC-мен келісімшартқа қол қойған экс-чемпиондар Азат Максұм мен Бекзат Алмаханнан кейін жаңа есімдер аталды.
«2026 жылы UFC-де кем дегенде алты OCTAGON чемпионын көреміз. Азат пен Бекзаттан кейін кезек Достон, Азамат, Муртазали және Фаридада. Біз барлығына бұл тек бастамасы екенін көрсету үшін жұмыс істей береміз. OCTAGON ұзаққа келеді дегенді әркім түсінгенін қалаймыз», – деп жазды Жақыпов.
Айта кетейік, сөз өзбек спортшылары – жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Достон Бозоров (12-1) пен ауыр салмақтағы уақытша чемпион Азамат Нуфтиллаев (17-1-1), сондай-ақ жеңілмеген қырғыз файтері, бұрынғы жартылай жеңіл салмақ чемпионы Муртазали Магомедов (9-0) және оның отандасы, әйелдер арасындағы минималды салмақтағы қазіргі чемпион Фарида Абдуева (5-1) жайлы болып отыр.
Еске сала кетсек, 7 қыркүйекте Алматыда OCTAGON 78 турнирі өтеді. Басты жекпе-жекте қазақстандық Богдан Пшебельский (6-2) пен өзбек файтері Саидатохон Нуриддинов (8-3) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдікті сарапқа салады.
Турнирдің титулды демеушісі – 1XBEТ букмекерлік компаниясы
Турнирдің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink
Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Алматыда октагонға шығады
Ресми: Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақ пен қырғыз файтерлері UFC-дегі жекпе-жек алдында көз арбасты. ВИДЕО
Махачев – Делла Маддалена жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды