Әли Ахмедов өз фаворит боксшыларын атады

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Әли Ахмедов тарихтағы ең мықты боксшылардың жеке рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sarbaz Podcast YouTube арнасына берген сұхбатында ол өз көзқарасынша бокстың ең үлкен ізін қалдырған бес аңыздың есімін атады. Бұл тізімге орта салмақтағы бұрынғы және көп дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин де кірді.
«Тарихтағы ең үздік бес боксшы? Мухаммед Әли, Геннадий Головкин, Мэнни Пакьяо, Флойд Мэйвезер және, бәлкім, Шугар Рэй Леонард. Қайсысы бірінші, екіншісі немесе үшіншісі екенін нақтыламаймын, бірақ бұл — менің топ-5-ім», – деді Ахмедов.
Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі қарашада өтуі мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или