Астаналық клуб жаңа маусымға төрт хоккейшіні қосты

Астаналық клуб жаңа маусымға төрт хоккейшіні қосты

«Барыс» клубы төрт хоккейшімен екіжақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорғаушы Бейбарыс Оразов, шабуылшылар Кирилл Ляпунов, Владимир Волков және Руслан Оспанов бір маусымға, яғни 2026 жылдың 31 мамырына дейін командамен келісімге келді.

Екіжақты келісімшарт ойыншыларға әрі «Барыс» сапында ҚХЛ матчтарына, әрі «Номад» құрамында Pro Hokei Ligasy ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін 7 қазанда өткізеді. Қарсыласы – Гагарин кубогының финалисі, челябілік «Трактор».

«Торпедо» шабуылшысы «Сарыарқа» қатарына ауысты

«Барыс» Ромазан мемориалы турниріндегі өнерін аяқтады

Қазақстандық клуб 20 жастағы ресейлік форвардтың кеткені жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или