Мадрид клубы «Қайратқа» қарсы ойында резервке сенбейді

Мадрид клубы «Қайратқа» қарсы ойында резервке сенбейді

Мадридтің «Реалы» Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матчқа негізгі құраммен шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Marca» басылымының журналисі Давид Руис BorodAbata.kz (AS News) сайтына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, екінші турдағы ойынға «корольдік клуб» барлық жұлдыздарын Испанияда қалдыра алмайды. «Алматыда үш ұпай алу – міндет. Алонсо тек жарақат алғандар болмаса, тек қосалқы құрамға сеніп тәуекелге бармайды», – деді ол.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте оңтүстік астанадағы «Орталық» стадионда өтеді.

Айта кетейік, «Реалдың» бұл кезеңі өте тығыз: 28 қыркүйекте мадридтік дерби «Атлетикомен», 30 қыркүйекте – Алматыдағы ойын, ал 5 қазанда «Вильярреалға» қарсы Ла Лига матчы күтіп тұр.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары анықталды

Юг Станоев: «Бұл жетістікке талай буын армандаған»

«Қайрат» капитаны: «Энфилдтегі атмосфераны сезінгім келеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или