Биспинг: «Делла Маддалена да өз мүмкіндігін көрсете алады»

Биспинг: «Делла Маддалена да өз мүмкіндігін көрсете алады»

UFC-дің бұрынғы чемпионы, қазіргі сарапшы әрі комментатор Майкл Биспинг Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Айқас 2025 жылдың 16 қарашасында өтетін UFC 322 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

Биспинг Махачевтің жетістіктерін жоғары бағалап, оны жеңіл салмақтағы ең ұлы спортшы деп атады. Дегенмен ол австралиялық файтердің де жеңіске жету ықтималдығын жоққа шығармады.

«Иә, Исламның фаворит саналатынын түсінемін. Ол тәжірибелі спортшы, спорт тарихындағы ең ұлы жеңіл салмақ өкілі. Бірақ Джек Делла Маддалена өз дегеніне жетсе, таңғалмаңыздар», – деді Биспинг Bloody Elbow арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Махачев алғаш рет жаңа салмақ дәрежесіне көтерілмек. Ал Делла Маддалена 2025 жылдың басында белдікке ие болғаннан кейін жартылай орта салмақта чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Алматыда октагонға шығады

Ресми: Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақ пен қырғыз файтерлері UFC-дегі жекпе-жек алдында көз арбасты. ВИДЕО

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или