Әлемнің екінші ракеткасы Лехечканы жеңіп, келесі кезеңге өтті

Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында жартылай финалға жолдама үшін Карлос Алькарас пен Иржи Лехечка кездесіп, испандық теннисші жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің екінші ракеткасы болған Алькарас үш сет қорытындысы бойынша қарсыласын 6:4, 6:2, 6:4 есебімен ұтып, матчты 1 сағат 58 минутта аяқтады. Осылайша ол карьерасындағы алтыншы «Үлкен дулыға» жүлдесін көздеп отыр. Еске сала кетейік, Карлитос 2022 жылы да US Open чемпионы атанған еді.
US Open турнирі 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Нью-Йорктегі Флэшинг Медоуз кортында өтуде. Биылғы доданың жүлде қоры – 90 миллион доллар.
Қазақстандық жасөспірім Заңғар Нұрланұлы US Open турнирін жеңіспен бастады
Александр Бублик US Open-2025 турнирінде бірегей жетістікке қол жеткізді