Попко Италиядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Попко Италиядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 237-орын) Генуядағы (Италия) Челленджерді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко бірінші айналымда италиялық Марко Чеккинатомен (279-орын) кездесіп, қарсыласты екі сетте – 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.

Дмитрийдің бұл турнирдегі келесі қарсыласы Лучано Дардери (Италия, 34-орын) - Федерико Арнаболди (369-орын) кездесуінің жеңімпазы болмақ.

Жарыстың жүлде қоры 181 250 еуроны құрайды. Жеңімпаз 25 740 еуро жинап, 125 рейтингтік ұпайға ие болады.


Қазақстандық жасөспірім Заңғар Нұрланұлы US Open турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик US Open-2025 турнирінде бірегей жетістікке қол жеткізді

US Open: 38 жастағы теннис аңызы ширек финалға шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или