«Барыс» жолдастық матчта жеңіске жетті

Астаналық «Барыс» екінші жолдастық кездесуін Новосібірдің «Сибирь» командасымен өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда қазақстандық клуб ҚХЛ біріншілігін соңғы орында болса, ресейлік клуб 1/8 финалға шыққан болатын.
Михаил Кравец келесі құрамды алаңға шығарды: Шестаков (Шутов) — Массей-Вальш, Галимов-Морелли-Веккионе; Маккошен-Брейс, Савицкий-Томпсон-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Колесников; Королев-Оразов, Ляпунов-Шайхмедденов-Мұратов.
Елордалық команда сапынан Мейсон Морелли дубль авторы атанды, тағы бір шайбыны Эмиль Галимов соқты. Қорытындысында «Барыс» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу де 3:1 есебімен қазақстандық ұжымның пайдасына аяқталған еді. Ол кезде Кирилл Савицкий, Джейк Масси және Әлихан Әсетов гол соқты.
«Торпедо» шабуылшысы «Сарыарқа» қатарына ауысты
«Барыс» Ромазан мемориалы турниріндегі өнерін аяқтады
Қазақстандық клуб 20 жастағы ресейлік форвардтың кеткені жарияланды