Қазақстандық боксшы қыздар Қытайдағы жарыста бірнеше медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы қыздар Үрімшіде (Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) өткен «Belt and Road» турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеті салмақ бойынша медальдар сарапқа салынды: 50 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 66 келі, 75 келі және 81 келі салмақ дәрежесінде.
Қазақстаннан Жайна Шекербекова (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Валентина Хальзова (75 кг) және Ләззат Күнгейбаева (81+ кг) чемпион атанды. Тағы үш алтынды Қытай спортшылары жеңіп алды: Сионг Гуанся (50 келі), Руан Мулан (57 келі) және Ли Шу (66 келі).
Бұл турнирде Өзбекстан боксшылары да бақ сынағанымен, бір алтын да ала алмады. Сонымен қатар келесі елдердің өкілдері қатысты: Ауғанстан, Әзірбайжан, Куба, Греция, Венгрия, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Тәжікстан, Таиланд, Йемен.
Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі қарашада өтуі мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды