Жібек Құламбаева бір күнде екі кездесуді жеңіспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чанше (Қытай) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингіде 381-орында тұрған Ж.Құламбаева жекелей сында әлемнің 189-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, корт иесі Сичжой Вэймен кездесті.
Бірінші партияда Жібек табандылық танытты — 7:5. Екіншісінде Вэй есе қайырды — 6:3.
Дегенмен үшінші, шешуші сетте Жібек Құламбаева шеберлігінің басым екендігін көрсетті — 6:3.
Екі сағат 27 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жібек 13 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Вэй 2 эйс, 6 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 194-ракеткасы, ресейлік Алина Чараевамен таласады.
Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге жұптық сында қытайлықтар Ксан Ши — Зо Юн Лимен сынға түсті.
Қазақстандық-кореялық жұп 1 сағат 42 минутқа созылған тартысты ойында 6:1, 5:7, 10:4 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ширек финалға жолдама алды.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Зарина Дияс жекелей сында әлемдік рейтингіде өзінен сегіз саты төмен тұрған канадалық Кэрол Чжаомен кортқа шықты.
Бірінші сетте есеп 5:5 болған сәтте Зарина матчты жалғастырудан бас тартты.
Қазақстандық жасөспірім Заңғар Нұрланұлы US Open турнирін жеңіспен бастады
Александр Бублик US Open-2025 турнирінде бірегей жетістікке қол жеткізді