Астанада пара хоккейден екінші рет әлем чемпионаты өтеді

2025 жылдың 6–11 қыркүйегі аралығында Астанада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады.
Турнир айналмалы жүйе форматында өтеді. Жарыстың қорытындсы бойынша алғашқы екі орынды иеленген командалар A тобына өтсе, соңғы орын алған құрама C тобына түседі.
Сондай-ақ, Астанада өтетін бұл біріншілікте Милан - 2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады. Іріктеу жарысы 2025 жылдың 5–10 қарашасы аралығында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді. Бұл жарыста Паралимпиадаға тікелей жолдама алатын құрамалар анықталады.
«Астанада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионатын екінші рет өткізу – біз үшін үлкен мәртебе. Алғашқы турнир 2023 жылы өтті. Oл кезде құрамамыз 4-орынға ие болды. Биыл біз жоғары нәтиже көрсетіп, Паралимпиадаға жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз», – деді Қазақстан пара хоккей федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.
«Торпедо» Қазақстан кубогын жеңіп алды
«Барыс» Ромазан мемориалы турниріндегі өнерін аяқтады
Қазақстандық клуб 20 жастағы ресейлік форвардтың кеткені жарияланды