Олимпиада чемпионы өзбек боксына қатысты пікір білдірді

Олимпиада чемпионы өзбек боксына қатысты пікір білдірді

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстандағы «өзбек синдромы» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Talks YouTube арнасына сілтеме жасап.

— Біз өз қолымызбен өзбек құрамасының пиарын жасап, соның әсерін өзімізге сездіреміз. Ұзақ уақыт қазақстандық бокстан тыс болдым. Бірақ оралған соң байқағаным, Өзбекстан боксында ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы бұрынғыдай. Өзбек мектебі бұрын қалай күштік бокс стиліне негізделсе, қазір де сол бағытта қалып отыр, — деді Сәрсекбаев.

Сондай-ақ Олимпиада чемпионы қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнер көрсету себебін түсіндірді:

— Парижде біздің алғашқы нөмірлі боксшыларымыздың көбісі бірінші жекпе-жектерінде жеңіліп қалды. Неге? Өйткені функционалдық дайындық болмады. Физикалық форма жеткіліксіз болды. Дайындық дұрыс жүргізілмеді. Сол себепті осы сәтсіздіктер орын алды. 2016 жылдан кейін, яғни Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанғаннан бері, бізде сегіз жылдық құлдырау бар, — деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев Павлодар қаласында дүниеге келгенімен, бала кезінен Ташкент облысындағы Таваксай ауылында ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. 12 жасынан бастап боксқа ден қойып, жеті рет Өзбекстан чемпионы атанған. 2004 жылы Афина Олимпиадасына іріктеуден өте алмай, кейін Қазақстан атынан өнер көрсетуге шешім қабылдады.

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде бірінші орын алды

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді

Англияда өтетін әлем чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі қарашада өтуі мүмкін

UFC-дің экс-чемпионы Джошуамен реванш өткізгісі келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или