Қазақстандық сәйгүлік жаңа маусымдағы жарыстарға дайындық жұмыстарын бастады

Әлемдік деңгейде аты шыққан қазақстандық тұлпар Кабирхан жаңа жарыс маусымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы жылқының иесі Тілек Мұхамбетқалиев Kazinform.kz тілшісіне айтты.
Мұхамбетқалиевтің айтуына қарағанда, қазір сәйгүлік Дубайда.
– Кабирханның жағдайы жақсы. Барлығы бірқалыпты. Қазір жаңа маусымға дайындалып жатыр. Жарыс маусымы қарашада басталады, әзірше қай додаларға қатысатыны белгісіз, - деді ол.
Иесінің сөзінше, Кабирханды жаттықтыратын командада қазақстандық мамандар жоқ, оның дайындығын тек шетелдік жаттықтырушылар қадағалайды.
Сондай-ақ ол қазақстандық көрермендер әзірше Кабирханды отандық бәйгелерде көре алмайтынын айтты.
– Елімізде өтетін жарыстарға ол қатыспайды, сондықтан әзірше көрермендердің оны Қазақстанда көретін мүмкіндігі жоқ, - деді тұлпар иесі.
Айта кетейік, Кабирхан – әлемдік деңгейдегі атақты жарыстарда топ жарған, Дубайдағы беделді бәйгелерде жүлде алған қазақ жылқысы. Ол бұған дейін Al Maktoum Challenge додасында 1 миллион долларлық жүлдені иеленіп, Қазақстанның ат спорты тарихындағы үлкен жетістікке қол жеткізген еді.
Қазақстандық спортшы құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орынға жайғасты
Astana 2025 World Boccia Challenger жарысы өз мәресіне жетті