Кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі

Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медальмен жалпыкомандалық есепте 6-орынға табан тіреді.

Ұлттық құрама спортшысы Ернұр Батырғали (60 келі) әлем чемпионатында алтын жүлде еншіледі. Ал Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 келі) күміс жүлдемен күптелді. Ролан Қайрғали (66 келі), Арман Мыса (50 келі) және Әділхан Жаудинов (+90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал жалпы командалық есепте 5 алтын, 2 қоламен Өзбекстан спортшылары көш бастады.

Ернұр Батырғали кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Болгариядағы біріншілікте үздік үштікке енді

Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или