«Барселонаның» аңыз ойыншысы неміс клубын жаттықтырудан бас тартты

«Барселонаның» аңыз ойыншысы неміс клубын жаттықтырудан бас тартты

«Барселонаның» аңыз ойыншысы Хави неміс «Байерінің» бапкері болудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Бундеслига клубы Эрик тен Хагты екі турдан кейін қызметінен босатты. «Байердің» қысқа тізімінде «Барселонаның» бұрынғы жаттықтырушысы Хави бар екені хабарланды.

Marca басылымының хабарлауынша Хави бұл ұсыныстан бас тартты. Испаниялықтың мұндай шешім қабылдауына команданың тұрақсыз жағдайы әсер етті.

«Байер» Хавиді Хаби Алонсо «Реалға» кеткеннен кейін бірден тағайындағысы келді, бірақ бапкер сол кезде де бас тартты.

Эрлинг Холанд АПЛ рекордын жаңартты

Роналду әлемдік рекорд орнатты

Хави Симонс «Тоттенхэм» ойыншысы атанады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или