«Барыс» - «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Астананың «Барысы» Новосибирсктің «Сибирь» командасымен екінші жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сибирьмен» өткен алғашқы ойында «Астана» 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапында Кирилл Савицкий, Джейк Масси және Әлихан Әсетов шайба соқты.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:50-де басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, «Барыс» алғашқы ресми ойынын 7 қазанда өткізеді. Елордалық клубтың қарсыласы Гагарин кубогының финалисті Челябинскінің «Тракторы» болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или