Ресейлік танымал файтер Махачев мансабын қандай жағдайда аяқтайтынын айтты

Ресейлік танымал файтер Махачев мансабын қандай жағдайда аяқтайтынын айтты

Атышулы ресейлік файтер Ислам Махачев мансабын қандай жағдайда аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының айтуынша, ол қазір мұндай сұрақ туралы ойланбайды. Сондай-ақ Ислам мансабын жасына қарап аяқтамайтынын атап өтті.

«Менің кету себебім жасқа байланысты болмайды. Әлсіреп, жаттығулар мен спарринг-серіктестерді көтере алмайтынымды сезсем, сол кезде ойлана бастаймын.

Шынын айтқанда, егер қазір аяқтасам, немен айналысамын? Үш-төрт ай үзіліс алсам, бойымда аштық пайда болады. Залға кіріп, қолғап киіп, біреумен айқасқым келеді. Өмір бойы осы іспен айналысып келемін. Әзірге ондай ойым жоқ!» – деп келтіреді Махачевтің сөзін UDAR телеграм-арнасы.

Еске салайық, 2025 жылдың 16 қарашасында Махачев UFC 322 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Джек Делла Маддаленамен жекпе-жекке шығады.

Асу Алмабаев UFC-де реванш алу жайлы пікірін білдірді

Қазақ пен қырғыз файтерлері UFC-дегі жекпе-жек алдында көз арбасты. ВИДЕО

Махачев – Делла Маддалена жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или