Магомед Адиев «Қайратты» Чемпиондар лигасына шығуымен құттықтады

«Крылья Советов» бас бапкері Магомед Адиев қазақстандық «Қайраттың» еурокубоктардағы сәтті өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алып, «Реал Мадрид», «Интер», «Брюгге», «Арсенал», «Олимпиакос», «Спортинг», «Пафос» және «Копенгагенмен» ойнайды.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуы ма? Оларды құттықтауға мүмкіндігім болмаған еді, сондықтан дәл қазір жүректен шыққан құттықтауымды айтқым келеді. Бұл – «Қайрат» пен бүкіл Қазақстан үшін теңдессіз нәтиже. Өте қуаныштымын және осылай жалғастыруларын тілеймін.
Олардан турнирде не күтемін? Әдетте өзімнен және өз командамнан не күтсем, соны күтемін. «Қайраттың» Чемпиондар лигасында не істей алатыны маған қызық, бірақ ол мен үшін аса маңызды емес. Мен олардың көбірек ұпай жинап, жанкүйерлерге ұнайтын жақсы ойын көрсеткенін қалар едім», — деді Адиев Sport24 тілшісі Борис Королевпен әңгімесінде.
Айта кетейік, 2021–2022 жылдары Адиев Қарағандының «Шахтерін» жаттықтырса, 2022–2024 жылдары Қазақстан құрамасын басқарды.
Беллингем және «Челси» мен «Арсенал» жұлдыздары. Ақтөбеге кімдер келеді?
Қазақстан құрамасына көшбасшы келмейді. Ол жарақатынан емделіп жатыр
Қазақстанға қарсы матч алдында Уэльстің маңыздысы ойыншысы жарақат алды