Дэнни Уорд Қазақстанға қарсы матчқа қатыспайды. Қақпашы жарақат алды

Дэнни Уорд Қазақстанға қарсы матчқа қатыспайды. Қақпашы жарақат алды

Уэльс құрамасының қақпашысы Дэнни Уорд 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстанға қарсы өтетін матчы қатыспауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Қақпашы Англия футбол лигасының Чемпионшипіндегі уэльстік «Рексем» клубы сапында өткен ойында жарақат алды. 33 жастағы Уордқа алаңда медициналық көмек көрсетіліп, кейін дәрігерлер алып кетті. Клубтың мәліметінше, қақпашы бас миының шайқалуын және шынтақ жарақатын алған.

Ол бас бапкер Крейг Белламидің 4 қыркүйекте Астанада өтетін ӘЧ-2026 іріктеу матчы мен 9 қыркүйекте Суонсидегі Канадаға қарсы жолдастық кездесуге шақырған үш қақпашының бірі еді. «Лидс Юнайтедтен» Карл Дарлоу мен «Шеффилд Юнайтедтен» Адам Дэвис те тізімге енгізілген, бірақ екеуі де өз клубтарында негізгі қақпашы болып саналмайды. Ал Уорд биылғы маусымда «Рексемнің» барлық төрт матчында қақпада тұрған.

Қазақстан құрамасына көшбасшы келмейді. Ол жарақатынан емделіп жатыр

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері алдағы матчтарға қатысты пікір білдірді

Уэльс құрамасының Қазақстанға қарсы матчқа құрамы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или