Бақтиер Зайнутдинов жарақат алған, ол қыркүйекте Қазақстан құрамасында ойнамайды

27 жастағы «Динамо» қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының қыркүйектегі матчтарына қатыспай, жарақатынан кейінгі қалпына келуді клубта жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚФФ хабарына қарағанда, Бақтиер Зайнутдинов Уэльс және Бельгияға қарсы өтетін матчтарға қатыса алмайды. Бақтиер ЦСКА – «Динамо» ойынында жарақат алған. Медициналық тексерістің қорытындысына сәйкес, бапкерлік штаб алдағы кездесулерге шақырмау туралы шешім қабылдады.
Metaratings.ru ақпараты бойынша, «Динамо» Қазақстан футбол федерациясына ойыншының бұлшықет жарақатынан кейін қалпына келіп жатқанын хабарлады.
Егер қалпына келу жоспардағыдай өтсе, Зайнутдиновтың «Спартакпен» болатын дербиге дейін қатарға қосылу ықтималдығы бар. Жалпы топқа ойыншы келесі аптаның басында оралуы мүмкін.
Зайнутдинов жазғы трансфер кезеңінде «Динамоға» ауысқан болатын. Сол қапталдағы қорғаушы жаңа команда сапында әзірге төрт матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері алдағы матчтарға қатысты пікір білдірді
Уэльс құрамасының Қазақстанға қарсы матчқа құрамы белгілі болды
Қазақстан құрамасы Астанада алғашқы жаттығуын өткізді. Видео