Бивол мен Бетербиев үшінші рет кездессе, кім жеңеді?

Америкалық боксшы, жартылай ауыр салмақтағы WBC әлем чемпионы Давид Бенавидес екі ресейлік боксшы – Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиевтің арасындағы ықтимал үшінші жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Былтыр қазанда Бетербиев Биволды төрешілердің шешімімен жеңген болатын, ал ақпанда Дмитрий қарымта жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен басым түскен еді.
«Менің ойымша, үшінші жекпе-жек тіпті қажет емес. Барлығы екінші айқастан кейін аяқталуы тиіс еді, себебі менің ойымша, бірінші жекпе-жекте де Бивол жеңген. Егер Бивол дәл солай өнер көрсетуді жалғастырса, ал Бетербиев ешқандай жаңа тәсіл ойлап таппаса, көбірек комбинация жасамаса, нәтиже өзгермейді. Бивол тағы да жеңіске жетеді», — деді Бенавидес The Ring басылымына берген сұхбатында.
Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі қарашада өтуі мүмкін