Қазақстанның үздік теннисшісі US Open-2025 турнирінде бірегей жетістікке қол жеткізді

Әлемнің 24-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатында бірегей жетістікке қол жеткізді: қарсыластың брейк жасауына мүлдем мүмкіндік берген жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик өзі допты ойынға қосқан 55 геймді жеңіп алды, сондай-ақ қарсыластарының 12 брейк-пойнтын берген жоқ. US Open турниріндегі келесі қарсыласы әлемнің 1-ракеткасы Янник Синнер болмақ. Биылғы маусымда Синнер мен Бублик екі рет кездескен: италиялық теннисші «Ролан Гаррос» ширек финалында 6:1, 7:5, 6:0 есебімен басым түсті. Алайда, Бублик жарты айдан кейін Германияның Галле қаласында өткен көгалдағы турнирдің екінші айналымында итальянды 3:6, 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырып, қарымта қайтарды.
АҚШ ашық чемпионаты-2025 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі жеңімпазы – италиялық теннисші Янник Синнер.
Рыбакинаның чех теннисшісіне қарсы матчына бейнешолу