Манел Капені реваншқа шақыра ма? Асу Алмабаев жауап берді

Манел Капені реваншқа шақыра ма? Асу Алмабаев жауап берді

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев португалиялық Манел Капемен реванш ықтималдығы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Наурыздың басында Алмабаев (22-3) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде Капеге (21-7) техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.

«Капені жекпе-жекке шақыру ма? Оның қазір, естуімше, операциясы бар. Қазір ме? Тіпті Капе болсын, Пантожа болсын, мен қазір оларды шақыратын жағдайда емеспін. Олар қалай болғанда да оны қабылдамайды. Артық жерден босқа шу көтерудің қажеті жоқ. Айтқандай, төбелестен кейін қол сермемейді. Уақыты келеді, бәрімен кездесеміз», — деді Алмабаев Legalbet.kz тілшісі Виталий Гетцке.

Бұған дейінгі жекпе-жегінде Алмабаев перулік Хосе Очоаны (8-2) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. Бұл айқас 26 шілдеде Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде өтті.

Ресми: Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақ пен қырғыз файтерлері UFC-дегі жекпе-жек алдында көз арбасты. ВИДЕО

Махачев – Делла Маддалена жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или