Көкшетау қаласында өткен жастар арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

26–30 тамыз аралығында Көкшетау қаласында КСРО спорт шебері Асқар Сатыбаевтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XVI халықаралық бокс турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 96 спортшы қатысып, өзара шеберлік байқасты. Бес күнге созылған дода барысында «Оқжетпес» ОСКДЮСШ спорт залында 86 кездесу өтті. Қазылар алқасының құрамына үш елдің білікті мамандары енді.
Турнир жеңімпаздары (салмақ дәрежелері бойынша):
- 50 келі - Ерасыл Яуметдин (Маңғыстау)
- 55 келі - Мадияр Аскертаев (Көкшетау)
- 60 келі - Жанарбек Хуанышұлы (Павлодар)
- 65 келі - Әли Мереке (Көкшетау)
- 70 келі - Мұрат Мұхамбетқалиұлы (Ақтөбе)
- 75 келі - Кирилл Покорский (Қостанай)
- 80 келі - Игорь Волейчук (Қостанай)
- 85 келі - Рамазан Асылхан (Ақтөбе)
- 90 келі - Абдуллох Қадыров (Өзбекстан)
- 90 келіден жоғары - Мадияр Бозымбаев (Щучинск)
Арнайы марапаттар:
- Турнирдің үздік боксшысы - Әли Мереке (Көкшетау)
- Турнирдің үздік бапкері - Абзал Балтакискенов
Жалпы командалық есеп:
- Қазақстан - 9 алтын, 9 күміс, 15 қола медаль
- Өзбекстан - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
- Тәжікстан - 1 күміс, 1 қола.
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или