Абай облысында бокстан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Абай облысында бокстан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Абай өңірінде 28 жылдан кейін алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық бокс додасы – Абай облысы әкімінің кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Абай облысы әуесқой бокс федерациясы мен серіктестер тарапынан 10 миллион теңге көлемінде арнайы сыйақы табысталды. Сондай-ақ, спортшыларға барлық жағдай жасалып, төрешілер мен қатысушылардың жолы, жатын орны, тамақтануы және киелі жерлерге саяхаттауы қамтамасыз етілді.

Абай аренасында өткен бұл дүбірлі дода жас спортшыларға зор мотивация беріп, қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне үлкен мүмкіндік сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир тек аймақ үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық спорт үшін маңызды бастама болды. Алдағы уақытта ұлттық спорт пен жас спортшыларды қолдауға бар күш салынатыны атап өтілді.

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или