Колби Ковингтон Махачев пен Делла Маддалена жекпе-жегіне болжам жасады

UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Колби Ковингтон ресейлік файтер Ислам Махачев пен австралиялық Джек Маддалена арасындағы UFC 322 (15 қараша) жекпе-жегіне болжам жссады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ислам – жеңіл салмақтан, сондықтан бұл кездесуде ол сәл кішілеу болады. Бірақ ол әмбебап файтер. Егер тейкдаун жасап, Джекті бақылап ұстай алса, мақсатына жететіні анық. Дегенмен, габариттегі айырмашылықтың нәтижеге әсері қызық болғалы тұр. Шанс Махачев жағында, сондықтан мен оны таңдағаным жөн деп ойлаймын», – деді Ковингтон Helen Yee Sports арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ислам Махачев – UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы (70 кг) чемпионы. Ал Джек Делла Маддалена – жартылай орта салмақтағы (77 кг) қазіргі чемпион. Аустралиялық файтер биыл мамырда Махачевтің командаласы Белал Мұхаммедті жеңіп, белбеуге қол жеткізген болатын. Ол Махачевке қарсы алғаш рет белбеуін қорғамақ.
Ресми: Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Даниэль Кормье: «Маддалена Махачевке қиындық тудыруы мүмкін»
Бұрынғы UFC чемпионы Махачев пен Маддалена жекпе-жегіне болжам жасады