Әлем чемпионатына баратын Өзбекстан боксшылары анықталды

Әлем чемпионатына баратын Өзбекстан боксшылары анықталды

Өзбекстан құрамасы бокстан әлем чемпионатына баратын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ливерпуль қаласында бокстан өтетін әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталады.

Әзірге Өзбекстан бокс федерациясы ресми түрде құрамды жарияламағанымен, команданың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі болды.

Болжанған құрам төмендегідей:

  • 50 келіге дейін – Шодиёржон Меликузиев
  • 55 келіге дейін – Миразизбек Мирзахалилов
  • 60 келіге дейін – Абдумалик Халоков
  • 65 келіге дейін – Асадхуджа Муйдинхуджаев
  • 70 келіге дейін – Шавкатжон Болтаев
  • 75 келіге дейін – Фазлиддин Еркинбоев
  • 80 келіге дейін – Жавохир Умматалиев
  • 85 келіге дейін – Акмалжон Исроилов
  • 90 келіге дейін – Турабек Хабибулаев
  • 90 келіге-нан жоғары – Жахонгир Зокиров.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасының сапында Париж-2024 Олимпиадасының чемпиондары Абдумалик Халоков пен Асадхуджа Муйдинхуджаев бар.

Бұдан бөлек, Азия чемпиондары, әлем біріншілігінің жүлдегері Миразизбек Мирзахалилов және басқа да мықты спортшылар жарысқа қатысады.

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде бірінші орын алды

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді

Англияда өтетін әлем чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или