Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі осы жылдың аяғында өтуі мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі осы жылдың аяғында өтуі мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек 22 қарашада өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) бокс инвесторы Турки Әл аш-Шейхтан осы жекпе-жекті ұйымдастыруды сұрады:

«Турки, бауырым, Жәнібек пен Адаместің жекпе-жегін 22 қарашаға ұйымдастырайық!» - деп жазды қазақстандық боксшы.

Бұл жазбаға WBC чемпионы Карлос Адамес те (24-1-1, 18 КО) жауап берді:

«Біз осы жекпе-жекке шын мәнінде қызығушылық танытатын промоутер іздеп жатырмыз», - деп жазды Адамес.

Жәнібек Әлімханұлы төрт белбеу шыңын бағындырмақ

Жәнібек Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде бірінші орын алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или