Астана қаласында VI Азия Олимпиадалық кеңесінің спортшылар форумына 120-дан аса адам қатысады

Астана қаласында VI Азия Олимпиадалық кеңесінің спортшылар форумына 120-дан аса адам қатысады

2-3 қыркүйек күндері елордада Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) VI Құрлықтық спортшылар форумы өтеді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Бұл форум - құрлық спортшылары бас қосып, пікір алмасып, спортты дамыту, олимпиадалық құндылықтарды нығайту және атлеттердің мүдделерін қорғау мәселелерін талқылайтын маңызды шара.

Форумға Азияның 45 ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің мүшелері мен АОК басшылары қатысады. Қатысушылар саны 120-дан асады.

Бағдарламада пікірталас алаңдары, жұмыс топтары, семинарлар және ашық диалогтар ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ форум аясында Астананың Орталық саябағында 2026 жылғы Аичи-Нагоя Азия ойындарын қолдауға арналған символдық Fun Run жүгіру шарасы ұйымдастырылады.

Спикерлер қатарында Olympic Solidarity бағдарламасы директорының орынбасары Оливье Ньямки, Olympic Solidarity бағдарламасының құрлықтық менеджері Эдвард Кенсингтон, ХОК Спортшылар комиссиясының төрағасы Эмма Терхо, ХОК Спортшылар комиссиясының қолдау жөніндегі менеджері Артур Милрой, ХОК Спортшылар комиссиясының мүшесі Масома Али Зада, ХОК мүшесі Чжан Хун, АОК Спортшылар комиссиясының төрағасы Нин Дин, АОК Спортшылар комиссиясының тең төрағасы Шива Кешаван, АОК Спортшылар комиссиясының мүшелері Шайна Энг пен Тай Терри, АОК Спортшылармен жұмыс департаментінің менеджері Джамьянг Намгьял, ҚР ҰОК Спортшылар комиссиясының төрайымы әрі АОК Атқару комитетінің мүшесі Ольга Рыпакова, фристайл-акробатикадан үш бірдей Олимпиада қатысушысы Жанбота Алдабергенова, сондай-ақ, ҚР ҰОК Спорт департаментінің жетекші менеджері Айым Жетібаева бар.

Эдвард Кенсингтон мен Оливье Ньямки Olympic Solidarity бағдарламасы аясында спортшыларға арналған шәкіртақылар туралы мәлімет берсе, Эмма Терхо, Чжан Хун және Масома Али Зада ХОК Спортшылар комиссиясының жұмысына қатысты жаңалықтарды жариялайды. Артур Милрой комиссияны қолдау мүмкіндіктерін түсіндіреді. Сондай-ақ AINAGOC және Аичи-Нагоя 2026 ұйымдастыру комитеттерінің өкілдері алдағы Азия ойындарына қатысты өзекті ақпараттар туралы айтады.

Форумға Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де қатысады. Олардың қатарында оңтүстіккореялық бобслейші Юнджон Вон, таеквондошы Рохулла Никпай (Ауғанстан), боксшы Мавзуна Чориева (Тәжікстан), таеквондошы Багери Мохаммад (Иран), каноеде ескек есуші Такуя Ханеда (Жапония), таеквондошы Чанатип Сонгхам (Таиланд) бар.

Форум нәтижесінде спортшылардың жағдайын жақсартуға және олардың Олимпиадалық қозғалысқа қосатын үлесін арттыруға арналған жаңа ұсыныстар мен бастамалар қабылданады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или