Уэльс құрамасының Қазақстанға қарсы матчқа құрамы белгілі болды

Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Уэльс құрамасы:
Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»);
Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), Бенджамин Кабанго («Суонси»), Неко Уильямс («Ноттингем Форест»), Джей Дасилва («Ковентри»), Ронан Кпакио, Дилан Лоулор (екеуіде — «Кардифф Сити»);
Жартылай қорғаушылар: Джош Шиэн («Болтон»), Джордан Джеймс («Ренн»), Кай Эндрюс («Мазервелл»), Сорба Томас («Нант»), Дэвид Брукс («Борнмут»), Чарли Крю («Лидс»), Харри Уилсон («Фулхэм»);
Шабуылшылар: Киффер Мур («Шеффилд Юнайтед»), Бреннан Джонсон («Тоттенхэм»), Дэниел Джеймс («Лидс»), Лиам Каллен («Суонси»), Нейтан Бродхед («Ипсвич Таун»), Марк Харрис («Оксфорд Юнайтед»), Луис Кумас («Сток Сити»).
Уэльс құрамасы 4 қыркүйекте Қазақстанға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойынын өткізсе, бес күннен кейін Канадамен жолдастық кездесу өткізеді.