Ла Лига: «Реал» өз алаңында жеңіске жетті

Ла Лига: «Реал» өз алаңында жеңіске жетті

Мадридтік «Реал» Испания Ла Лигасының үшінші турында «Мальорканы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридте өткен кездесу 2:1 есебімен «Реалдың» жеңісімен аяқталды. 18-минутта Ведат Мурики  «Мальорканы» есепте алға шығарды, бірақ үзіліске дейін алаң иелері таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші голды да соқты: 37-минутта Арда Гүлер, ал 38-ші минутта Винисиус Жуниор мергендік танытты.

Осылайша, «Реал» үш матчтан кейін тоғыз ұпай жинады, ал «Мальорка» әзірге бір ғана ұпайға ие. Естеріңізге сала кетейік, «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайраттың» қарсыластарының бірі болады - кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.



«Ньюкасл» «Реал Мадрид» футболшысы үшін 100 млн еуро ұсынған

«Қазақстанға сапар — ерекше сынақ». Хаби Алонсо жеребе қорытындысын бағалады

Хави Симонс «Тоттенхэм» ойыншысы атанады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или