«Қайраттың» «Реал Мадрид», «Арсенал» мен «Миланға» қарсы матчтары қашан өтеді?

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі күнтізбесі белгілі болды. «Реал Мадрид», «Арсенал» мен «Интерге» қарсы матчтар қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» жалпы кезеңді қонақта «Спортингке» қарсы ойынмен бастайды. Бұл ойын 18 қыркүйекте өтеді. Кейін 30 қыркүйекте Алматыға 2-тур аясында «Реал Мадрид» келеді.
«Интерге» қарсы ойын 5 қарашаға, «Арсеналмен» кездесу 28 қаңтарға жоспарланған.
Жалпы кесте мынадай:
1-тур. 18.09.2025
«Спортинг» - «Қайрат»
2-тур. 30.09.2025
«Қайрат» - «Реал Мадрид»
3-тур. 21.10.2025
«Қайрат» - «Пафос»
4-тур. 05.11.2025
«Интер Милан» - «Қайрат»
5-тур. 26.11.2025
«Копенгаген» - «Қайрат»
6-тур 09.12.2025
«Қайрат» - «Олимпиакос»
7-тур. 20.01.2026
«Қайрат» - «Брюгге»
8-тур. 28.01.2026
«Арсенал» - «Қайрат».
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары анықталды
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анабековке құрмет көрсетілді
«Реал» клубының директоры «Қайратқа» қатысты пікір білдірді
«Қайрат» Чемпиондар лигасында бірегей рекордтың авторы атанбақ