Әлімханұлы төрт белбеу шыңын бағындырғысы келетінін айтты

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы төрт белбеу шыңын бағындырмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Белес бағындыру үшін адамға тәуекел керек! Құр тәуекел де жеткіліксіз! Шың жолында сабырлық, табандылық және шыдамдылық қоса қажет. Қазір мен үшінші белбеу шыңына беттеп барамын! Тәжірибе бар, тәуекел етудемін! Енді сабырлық пен табандылық режимін қосуым керек!
Осы жолда әртүрлі қиындықтар кезігуде. Оңай жерде белбеу жоқ. Бірақ жарты жолдан қайтатын мен емес! Күш бар, мақсат айқын! Көрінген таудың алыстығы жоқ! Құдай қаласа 4 белбеу шыңын бағындырып, көк туды желбіретіп тұрып тарих жасаймыз! Әрнәрсе болу керек уақытында болады! Сабырлы жетер мұратқа!», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Турки әл-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында жекпе-жекті қарашада өткізуді ұсынғанын, алайда нақты жауап ала алмаған соң, ұсынысын қайтарып алғанын мәлімдеген болатын.
Жәнібек Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды
Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде бірінші орын алды
Семейде бокстан халықаралық турнир бастау алды
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді