Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды

Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды

Орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Сауд Арабиясы ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Аль аш-Шейхке WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегі туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы алдағы уақытта доминикандықпен рингке шығуға дайын екенін айтты.

«Түрки, мырза, 22 қарашада Жәнібек пен Адаместің жекпе-жегін өткізейік» деп жазды «Kazakh Style» Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Турки Аль аш-Шейх Карлос Адамеске қараша айында Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді ұсынғанын, бірақ нақты жауап алмағанын, нәтижесінде ол ұсынысынан бас тартуға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Айта кетейік, жуырда Boxing News журналы саудиялық инвесторды бүгінгі кәсіпқой бокстағы ең ықпалды тұлға деп атаған болатын.

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде алты алтын медаль еншіледі

Назым Қызайбай соққысы ауыр боксшыны атады

Ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или