Қазақстандық жеңіл атлет «Гауһар лига» кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасының спортшысы Нора Джеруто Швейцарияның Цюрих қаласында өткен «Гауһар лига» кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл атлет беделді әлемдік турнирде 3000 метр қашықтықта тосқауылдармен жүгіруден 9:10.87 нәтижесін көрсетіп, мәреге екінші болып жетті.
Жарыстың жеңімпазы кениялық Фейт Черотич атанды. Оның уақыт көрсеткіші: 8:57.24.
Үздік үштікті тунистік Марва Бузаяни түйіндеді (9:12.03).
Нора Джеруто — Кения және Қазақстан атынан өнер көрсеткен жүгіруші. Ол Кения құрамасында өнер көрсетіп жүріп, 2016 жылғы Африка чемпионатының жеңімпазы атанды. 2022 жылғы 29 қаңтардан бастап халықаралық жарыстарда Қазақстан ұлттық құрамасын таныстыру құқығына ие болды. 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығып, 3000 метр тосқауылдармен жүгіруден жеңіске жетіп, жарыс рекордын орнатты.
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ольга Рыпакова Сауд Арабиясының жасөспірімдер құрамасымен кездесті