2026 жылдан бастап Чемпиондар лигасы финалы ертерек өтеді

2026 жылдан бастап Чемпиондар лигасы финалы ертерек өтеді

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2026 жылдан бастап Чемпиондар лигасының финалы бұрынғыдан ертерек басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым ресми сайтында жариялаған хабарламада, 2026 жылдың 30 мамырында Будапешттегі «Пушкаш Аренада» өтетін финалдық ойын 21:00-де емес, 18:00-де (Астана уақытымен 22:00) басталатыны жазылған.

Қазіргі Чемпиондар лигасының иегері – Францияның «Пари Сен-Жермені». Өткен маусымның финалында париждіктер Италияның «Интерін» 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Бұдан бөлек, «ПСЖ» УЕФА Суперкубогын да иеленді. Париждік клуб шешуші ойында Англияның «Тоттенхэмін» пенальти сериясында тізе бүктірді (2:2, 4:3 пен.).

«Барселона» клубы үшінші қақпашысын жалға берді

«ПСЖ» испаниялық футболшыны отанына қайтарады

«Реал» ойыншысы осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или