Мартынович: «Ливерпульмен» ойнауды армандаймын

«Қайраттың» капитаны Александр Мартынович Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Ливерпульге» қарсы ойнауды қалайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы британ стадиондарындағы ерекше атмосфераға тоқталды. Оның айтуынша, жанкүйерлердің қолдауы тек алаң иелерін ғана емес, қонақтарды да шабыттандырады.
«Энфилдтегі британдық атмосфераны сезінгім келеді. Бұл «Селтик Парктағыдай» әсер береді деп ойлаймын — жанкүйерлердің тоқтаусыз әндері», – деді Мартынович «Чемпионатқа» берген сұхбатында.
Айта кетейік, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өткен «Қайрат» бірінші себеттен бір қарсыласқа тап болады. Жеребе 28 тамызда өтеді.
«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты
«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады