«Қайрат» капитаны: «Жергілікті стадиондағы газон әрдайым жақсы болған»

«Қайраттың» капитаны Александр Мартынович клуб стадионындағы алаңның жағдайына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz .
— Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин алаң сапасын сынады. Еуропаның үздік клубтарын қабылдауға ұят емес пе?
— Шын мәнінде, Алматыға келген кезден бастап айтарым — мұндағы алаң әрдайым жақсы, сапасы жоғары болды. Бірақ соңғы кезде аномалды ыстық пен Дженнифер Лопестің концерті газонды бүлдірді. Қырық мыңға жуық адам алаңға шыққанда оның жағдайы нашарламай қоймайды ғой. Бұған қоса, үйдегі ойындарымыз көп болды. Сол себептен бірнеше фактор әсер етті. Енді үш апталық үзіліс бар, сол уақытта алаңды реттеуге тырысады деп үміттенемін. Басшылықпен де, бас агрономмен де сөйлестім. Қолдарынан келгеннің бәрін жасаймыз деді, – деді Мартынович.
Оның айтуынша, бір ғана қиындық бар – алдағы еурокубок матчтарынан бұрын тағы бір концерт өтеді. Бұл жолы Backstreet Boys келеді. «Менің білуімше, екі концерттің — Макс Корж бен жергілікті жұлдыздың шоуы — күшін жойған, бірақ ол еурокубокқа байланысты емес», – деп толықтырды «Қайрат» капитаны.
«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты
«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады