Егор Сорокин: Рахимов маған «сен футболшы емессің» деді

Егор Сорокин: Рахимов маған «сен футболшы емессің» деді

Қазақстандық «Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин Қазанның «Рубин» клубының бас бапкері Рашид Рахимовпен болған текетіресі жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Сорокин мен Рахимов «Рубинде» 2023–2024 жылдары бірге жұмыс істеген.

«Рахимов пен спорт директоры Константин Дзюба мені қажетсінбеді. “Сені бұл жерден күткен жоқпыз” деп Рахимов бірінші күні-ақ айтты. Оның жолы бөлек, менікі бөлек. Ол маған “сен футболшы емессің” дейтін. Ал мен қазір оған керісінше екенін дәлелдеп жүрмін», – деді Сорокин Sport24 тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 26 тамыз күні «Қайрат» Сорокиннің қатысуымен шотландиялық «Селтикті» жеңіп, алғаш рет тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты

«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или