Чемпиондар лигасы: «Қайрат» негізгі кезеңнің жеребесінде

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» негізгі кезеңнің жеребесінде

Алматының «Қайраты» тарихта алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің жеребесіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Салтанатты рәсім бейсенбі, 28 тамыз күні Монакодағы Гримальди форумында өтеді. Шараның басталуы – Қазақстан уақытымен 21:00-де.

Жеребенің тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан көруге болады, сондай-ақ онлайн режимде спорттық ресурстарда көрсетіледі.

Айта кетейік, «Қайрат» төртінші себетке түсті және Еуропаның ең мықты клубтарынан қарсылас алады.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының негізгі кезең ойындары 2025 жылғы 16 қыркүйектен 2026 жылғы 28 қаңтарға дейін өтеді.

«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты

«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы

«Қайраттың» Глазгодағы тарихи ойыны: британиялық БАҚ таңданысын жасырмады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или