«Интер Майами» үш турнирдің ішінде екінші рет финалда

Хавьер Маскерано жаттықтыратын «Интер Майами» Лига кубогы жартылай финалында «Орландо Ситиді» 3:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдымен Марко Пашалич алғашқы таймның қосымша минутында есеп ашып, «Орландоны» алға шығарды. Алайда 75-минутта Давид Брекало алаңнан қуылып, қарсылас сан жағынан аз қалды.
Осы сәтті тиімді пайдаланған Лионель Месси 77-минутта пенальтиден гол соқты, ал 88-минутта дубль авторы атанып, ойынды өз пайдасына бұрды. Қосымша уақытта Теласко Сеговия матчтағы соңғы голды енгізді.
Осылайша, «Интер Майами» соңғы үш маусымда екінші рет Лига кубогының финалына шықты. 2023 жылы флоридалық клуб бұл турнирде «Нэшвиллді» пенальти сериясында жеңіп, кубокты иеленген еді.
Лига кубогы. Жартылай финал
«Интер Майами» (АҚШ) – «Орландо Сити» (АҚШ) – 3:1 (0:1)
Голдар: 0:1 – Пашалич (45+1), 1:1 – Месси (77, пенальти), 2:1 – Месси (88), 3:1 – Сеговия (90+1).
«ПСЖ» испаниялық футболшыны отанына қайтарады
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болды
«Боруссия» хорватиялық бапкермен келісімшарт мерзімін ұзартты