Медведевтің табысының 39 пайызы айыппұлға кетті

Медведев US Open жарысындағы тәртібі үшін 42,5 мың доллар айыппұл төледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік теннисші Даниил Медведев US Open турнирінің алғашқы айналымынан кейін қомақты айыппұлға тартылды. Бес сетке созылған ойында ол француз Бенжамен Бонзиге жол берді, ал корттағы тәртібі үшін 42 500 доллар айыппұл салынды.
Оның ішінде 30 мың доллар – спортқа сай емес әрекеті үшін, ал тағы 12,5 мың доллар – ракетканы сындырғаны үшін белгіленді.
US Open алғашқы айналымына қатысқаны үшін Медведев 110 мың доллар жүлде алған болатын. Осылайша спортшы турнирден тапқан табысының шамамен 39 пайызынан айырылды.
Қазақстандық теннисші Португалиядағы жарыстан шығып қалды
ATP рейтинг жаңартты. Қазақстандық теннисшілердің орындары қандай?
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или