Абай облысы әкімінің кубогы үшін бокстан халықаралық турнир басталды

Бүгін Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде Абай облысы әкімінің кубогы үшін бокстан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған спорт додасына Австралия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және еліміздің 11 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысады. Жарысқа Әлем кубогының иегерлері, сондай-ақ U-22 және ересектер арасындағы Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бақ сынайды.
Халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов, Абай облысы әуесқой бокс федерациясының президенті Махат Төрәлі қатысты.
Бұл халықаралық турнир – өңіріміздің спорттағы беделін арттырып қана қоймай, жас боксшылардың тәжірибе алмасуына, спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді
Англияда өтетін әлем чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды