«Ақтөбе» әйелдер клубы римдіктік клубтан ұтылып қалды

Футболдан әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ақтөбе» алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбелік клуб жарыстың аталған сатысында Италияның «Рома» клубымен шеберлік байқасты. Кездесу барысында қазақстандық команда қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Енді олар «Спарта» (Прага, Чехия) мен «Норшелланн» (Фарум, Дания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Ал «Рома» аталған жұптың жеңімпазымен жасыл алаңға шығады. Екі ойын да 30 тамызға белгіленген.
Ал «Ақтөбе» 2014 жылдан бері ел біріншілігінде бақ сынап жүр. 2024 жылы күміс жүлдегер атанса, 2018 жылы қола медаль алған еді. Биыл еурокубок ойындарына алғаш рет қатысып отыр.
Чемпиондар лигасы: БИІК әйелдер клубы «Катовице» командасынан жеңілді
«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты
«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы