Астанада өткен боччадан халықаралық жарыс аяқталды

Астанада өткен боччадан халықаралық жарыс аяқталды

22-27 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен боччадан халықаралық жарыс аяқталды, деп хабарлайлы Prosports.kz .

5 күнге жалғасқан еліміздегі бірінші бәсекеде 12 елден 56 спортшы сынға түсіп, BС1, BС2, BС3, BС4 санаты бойынша жеке, жұптық, командалық сайыс түрлерінде жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

Айтулы додада Қазақстан атынан 10 отандасымыз бақ сынап, өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. Жеке сайыс бағдарламасында астаналық Итиана Шингисханова (BС2) мен Балжан Бөлекпаева (BС1) чемпион атанса, Ерхат Алмат (BС1) пен Азамат Аязбаев (ВС4) күміс жүлдені иеленді. Ал Эльмира Мусралиева (ВС4) қола жүлдеге қол созды.

Аралас жұптық сайыста да ВС4 санаты бойынша Эльмира Мусралиева мен Азамат Аязбаев Иран (4:3) мен Үндістанды (10:1) қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты.

«Бұл сайыс еліміздегі алғаш рет ұйымдастырылды. Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін Challenger турнирі жоғары деңгейдегі бәсеке ретінде саналады. Осы орайда жүзден жүйрік шыққан барша жүлдегерлерді құттықтаймын. 

Бұл жарыс біздің ұлттық құрамамыз үлкен сын болды. Нәтижесінде олар бар үмітімізді ақтады. Жеке сайыста жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және аралас жұптық сайыста 1 алтын жүлдені еншіледі. Осы көрсеткіш арқылы пара спортшларымыз үлкен белесті бағындырды деп санаймын», - деді Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.

Жарыстың жабылу салтанатында аралас жұптық бәсекелер бойынша марапаттау өтіп, оларды Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев арнайы құттықтады.

Енді пара спортшыларымз қыркүйек айында алғаш рет Оңтүстік Кореяда өтетін Әлем Кубогына қатысатын болады.

Стенд ату: Қазақстан құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Астанада Конституция күніне орай велошеру өтеді

Таеквондодан Гран-при кезеңі: Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или