28 жастағы «Қайрат» жартылай қорғаушысы «Ливерпуль» және «Реалға» қарсы ойнағысы келетінін айтты

28 жастағы израильдік тіреуші жартылай қорғаушы Дан Глейзер Legalbet.kz басылымына берген сұхбатында алматылық «Қайраттың» 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Керемет сезім! Бұл орындалғанына өте қуаныштымын! Алматыға жанкүйерлеріміз үшін Еуропаның ең мықты клубтарын әкелетінімізге қуаныштымыз. «Селтикке» қарсы ойындарға дайындық барысында бапкерлер штабы орасан жұмыс атқарды, біз ойынның әр сәтінде не істеуіміз керек екенін білдік. Оларды тактикалық тұрғыда асып түстік деп ойлаймын. Назар аударыңыздар, біз тек қорғаныста отырмай, «Селтиктің» қақпасына шабуылдап, гол соғуға да тырыстық. Команда үлкен еңбек сіңірді, әсіресе қақпашымыз Темірлан Анарбековты ерекше атап өткім келеді. Қазіргі «Қайраттың» барлық құрамы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнауға әбден лайық деп ойлаймын».
– Алда жеребе, қай командамен ойнағыңыз келеді?
«Мен «Ливерпуль» мен мадридтік «Реалдың» үлкен жанкүйерімін, сондықтан оларға қарсы ойнағым келеді», – деді футболшы.
Плей-офф кезеңінде «Қайрат» екі ойын қорытындысы бойынша шотландиялық «Селтикті» (0:0, 0:0, пенальти 3:1) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алды.
«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты
«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады