Алмабаев Дохадағы UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетеді

22 қарашада Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде, Катардағы промоушеннің алғашқы ивентінде Асу Алмабаев америкалық Алекс Переспен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Kor басылымына сілтеме жасап.
33 жастағы Перес UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, ұйымдағы рекорды – 7 жеңіс пен 5 жеңіліс. 2020 жылы ол Дейвесон Фигередоға қарсы титулдық жекпе-жек өткізіп, алғашқы раундта жеңілген. Осыдан кейін америкалық тағы екі рет ұтылды – болашақ чемпион Алешандре Пантожа мен Мұхаммад Мокаевтан, деп келтіреді спортшының статистикасын «Спорт Шрёдингера».
Сонымен қатар Перес карьерасында рекордтық көрсеткішке жеткен – оның жекпе-жектері 13 рет бұзылған, оның алтауы дәл өзі себепкер болған жағдай. Қазіргі таңда ол UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 8-орында тұр, ал Алмабаев 9-сатыда орналасқан.
Қазақстандық файтер ММА-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Алматыда октагонға шығады
Чечен текті түрік спортшысы Дана Уайттың турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді