Ромазан мемориалы: «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түсті

«Барыс» Магнитогорскіде өтіп жатқан Ромазан мемориалының екінші матчында уфалық «Салават Юлаевпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтағы алғашқы шайбаны уфалық команда соқты, алайда Майкл Веккьоне бірінші кезеңде таразы басын теңестіре алды. Екінші кезеңде Әлихан Әсетов дубль жасады, ал қарсылас команда Андрей Шутов қақпасына бір шайба соқты. Соңғы жиырма минутта ресейлік клуб есепті теңестірді. Ойын овертаймға ұласып, онда Дінмұхамед Қайыржан соққан шайбаның арқасында «Барыс» жеңіске жетті.
Еске салайық, кеше қазақстандық клуб ЖХЛ өкілі «Магниткадан» 2:1 есебімен жеңіліп қалған болатын, ал 29 тамызда «Металлургпен» кездеседі.
Ромазан мемориалы 26-29 тамыз аралығында өтіп жатыр, оған төрт команда қатысып жатыр — «Барыс», «Металлург», «Салават Юлаев» және «Магнитка».