«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты

«Әлі де сөйлесеміз». Рафаэль Уразбахтиннің досы бас бапкермен әңгіме туралы айтты

Танымал қазақстандық футбол маманы Константин Горовенко Prosports.kz сайтына  берген сұхбатында «Қайрат» «Селтикті» жеңгеннен кейін алматылықтардың бас бапкерімен хабарласты ма деген сұраққа жауап берді.

– Біз Рафаэль Радиковичпен жақсы доспыз, араласамыз, бір-бірімізді көптен бері танимыз және бірге жұмыс істегенбіз – мұнда құпия ештеңе жоқ.

Шынымды айтсам – қоңырау шалмадым, бірақ әрине құттықтадым, мәтін мен дауыс хабарламасын жібердім. Қазір оған құттықтаулар қарша борап жатқанын түсінемін. Мүмкін, клуб ішіндегі шаралар, кездесулер, баспасөз мәслихаттары өтіп жатқан болар. Қазір оған назар ерекше. Кеш өте ұзаққа созылды, бәлкім, ұйқысыз түн де болған шығар, сондықтан мазалап, алаңдатқым келмеді. Әлі де сөйлесеміз.

Клубты алда жаңа жылға дейін жалғасатын ұзақ еурокубок маусымы күтіп тұр. Бізде әлі кездесіп, сөйлесетін уақыт болады, – деп түйіндеді маман.

«Бұл біз қалаған нәтиже емес». Макгрегор «Қайратқа» қарсы матч туралы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайратты» тарихи жеңісімен құттықтады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, жалпы кезеңге шықты

Алматылықтар үш маңызды ойыншысынан айырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или